UlanTime

Қолдау

Жауап таппасаңыз, бізге жазыңыз. Бірнеше жұмыс күні ішінде жауап беруге тырысамыз.

Қолдауға жазу

Жиі қойылатын сұрақтар

Күндерді қалай өзгертуге болады?

Қосымшада «Баптаулар» бөлімін ашып, күндерді өзгертіңіз. Сайтта «Күндерді өзгерту» түймесін басыңыз.

Виджет жаңармайды

Виджетті iOS жүйесі жаңартады, сондықтан ол бірнеше минутқа кешігуі мүмкін. Виджетті жаңарту үшін қосымшаны ашыңыз.

Хабарламалар келмейді

iPhone баптауларында UlanTime бөлімін ашып, хабарламаларға рұқсат беріңіз. Focus режимі оларды жасыруы мүмкін.

Деректер қайда сақталады?

Тек сіздің құрылғыңызда. Қосымшаны жойсаңыз, деректер мен альбом жоғалады. Егер iCloud немесе Finder көшірмесі болса, оларды сол жерден қалпына келтіруге болады.

Тілді қалай ауыстыруға болады?

Қосымшада «Баптаулар» бөлімін ашып, тілді таңдаңыз: Қазақша немесе Русский.

Неліктен сайт пен қосымшадағы деректер сәйкес келмейді?

Сайт пен қосымша синхрондалмайды. Сайт браузеріңізде шақыру және дембель күндерін сақтайды.

Бұл ресми қосымша ма?

Жоқ. UlanTime ҚР Ұлттық ұланының ресми өнімі емес. Ресми рәміздерді біз тек рұқсатпен қолданамыз.

← Санаққа оралу